• Жаһангири Американың миграцияға қарсы заңына Иранның қарымта әрекетке баратынын қуаттады

ИИР президентінің бірінші орынбасары Иранның АҚШ президенті Дональд Трамптың миграцияға қарсы заңына қатысты қарымта әрекетке баратынын мәлімдеді.

Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири бүгін, дүйсенбі күні Теһранда АҚШ үкіметінің виза беруге шектеу қою шарасына көрсеткен реакция туралы тілшілерге берген сұхбатта Иран үкіметінің бүкіл әлемде өз азаматтарына қолдау көрсететінін қуаттап: «Американың заңсыз, адамгершілікке жат және адам құқығына қайшы келетін шарасына қарсы тұрғы ұстанылады.

Трамптың орынсыз әрекеті америкалықтар айтатын адам құқығын әлем мен халықаралық қоғамдастықтарда әлем жұртшылығының қандай системамен бетпе-бет келіп отырғанын білуі үшін әшкере етті.

Ирандықтар әлемдегі ең өркениетті халық болып табылады. Өздері лаңкестіктің құрбаны болған ирандықтарды лаңкестікті қолдап отыр деп айыптауға болмайды.

АҚШ пен аймақтағы кейбір елдердің қолдауымен қалыптасып Ирак, Сирия, Йемен және Ливия халқының қауіпсіздігін бұзған лаңкестерге Иран қарсы тұрып, лаңкестердің Ауғанстан, Пәкістан, Сирия және Иракта билікті қолға алуына жол бермеді» деді.

 

 

Jan 30, 2017 21:24 Asia/Almaty
Сараптама