• Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы:  АҚШ-тағы қазіргі өзгерістер Иранның айбынына әсер етпейді

Ислам революциясының Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы: «АҚШ-та жаңа Президенттің билік басына келуі мен басқа ешбір өзгеріс ИИР-ның әлемдегі, әсіресе аймақтағы айбынына еш әсер етпейді»,-деді.

Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Әли Фадави жексенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың Иранға қатысты халықаралық міндеттемелерді орындауда екі қырлы әрекет етіп отырғаны жайлы: «АҚШ – зұлымдықтың бастауы. Ол тек өз мүддесін күйттейді. Ал ИИР бұрынғыдай өзінің әлемдегі айбынын сақтап қалып, күн сайын өз жетістіктерін арттыра береді»,-деді.  

Адмирал Әли Фадави АҚШ-тың Иранға қарсы жобалары мен жоспарларының сәтсіздікке ұшырағанына тоқталып: «Америкалықтар Иранның тежеуіш күшін ауыздықтауға өздерінің бар күштерін салып жатыр»,-деді.

Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы, сондай-ақ, Иран Қарулы күштерінде шәһид болу рухының барлығын дұшпандардың үрейінің себебі деп атап: «ИИР жүйесінің айбыны үстемшілдерді үнемі сәтсіздікке ұшыратып келеді»,-деп қуаттады.

 

 

 

Тегтер

Mar 13, 2017 14:29 Asia/Almaty
Сараптама