• Ислам Кеңесінің Мәжілісі Иран Президенті ұсынған 16 министрге сенім дауысын берді

Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары Иран Президенті ұсынған 17 министрдің он алтысына сенім дауысын берді.

Аббас Ахунди 188 дауыспен Иранның Жол және қала құрылысы министрі, Масуд Сұлтанифар 225 дауыспен Спорт және жастар істері министрі, Абдолреза Рахмани Фазли 250 дауыспен Ішкі істер министрі, Мұхаммад Джавад Зариф 236 дауыспен Иран Сыртқы істер министрі  және Бижан Намдар Зангене 230 дауыспен Мұнай министрі, Әлиреза Аваи 244 дауыспен Бас прокурор, Масуд Карбасиан 240 дауыспен Экономика және қаржы министрі, Сейед Аббас Салеһи 242 дауыспен Мәдениет және исламдық бағдар министрі, Мұхаммад Шариатмадари Өнеркәсіп, кен және сауда министрі, сондай-ақ Сейед Махмуд Алави 252 дауыспен Қауіпсіздік министрі және Әли Раби 191 дауыспен Еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету, Амир Хатами 261 дауыспен Иранның Қорғаныс министрі, Мұхаммад Джаннати 164 дауыспен Ауылшаруашылығы жиһад министрі, Мұхаммад Джавад Азари Джереми 152 дауыспен Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі, Сейед Хасан Қазизаде Хашеми 253 дауыспен Денсаулық министрі және Мұхаммад Батхаи 238 дауыспен Білім министрі болып бекітілу үшін сенім дауыстарына ие болды.

Хабиболла Битараф 133 оң, 132 қарсы және 17 қалыс дауыспен Энергетика министрі болып бекітілуі үшін сенім дауысына ие бола алмады.

 

 

Aug 20, 2017 22:09 Asia/Almaty
Сараптама