• Бүгін имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы

ИИР шиіттердің тоғызыншы имамы хазірет Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығын аза тұтуда.

Бүгін, сенбі хиджри қамари жыл санағы бойынша 1438 жылдың зиқаеде айының жиырма тоғызыншы жұлдызы, сәйкесінше 2017 жылдың тамыз айының жиырма екісі имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы.

Имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.) хиджри қамари жыл санағы бойынша 195 жылы Рамазан айында дүниеге келіп, әкесі имам Реза (ғ.с.) шәһид болған соң мұсылмандардың имаматы мен басшылығын өз мойынына алды.

Әртүрлі мазхабтардың ғалымдарымен пікірталастар жүргізу, халыққа әсіресе ойшылдарға тәлім-тәрбие беру, сол кездегі үкіметтің халыққа қарсы саясаттарын әшкерелеу имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның ғылыми, мәдени және саяси жұмыстарының қатарын құрады.

Иранның Телерадио бірлестігі имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына орай әлем мұсылмандары мен азаттық талап етуші басқа да адамдарға көңіл айтады.

 

 

Aug 22, 2017 14:39 Asia/Almaty
Сараптама