• Мұхаммед Әли Наджафи Теһран қаласының әкімі болып сайланды

Мұхаммед Әли Наджафи Теһран қаласы исламдық кеңесінің 21 мүшесінің дауыс беруімен Иран астанасының әкімі болып сайланды.

Теһран қаласы исламдық кеңесінің мүшелері  тамыз айының 10 күні Мұхаммед Әли Наджафиді Теһран қаласының басшылығына үміткер ретінде таңдаған болатын. Мохсен Хашеми Рафсанджани да сәрсенбі күні 20 дауыспен ресми түрде Теһран қаласы исламдық кеңесінің бесінші кезеңінің басшысы болып сайланды.

 

 

Aug 23, 2017 20:46 Asia/Almaty
Сараптама