ИИР-ның Президенті Рухани үкімет апталығын халыққа атқарушы органның атқарған қызметі жайлы есеп беруге және әлеуметтік капиталды арттыру үшін берілген үлкен мүмкіндік деп атады.

ИИР Президенті Мұхаммед Әли Раджаи мен Премьер-министрі Мұхамед Джавад Боһонар 1981 жылы Премьер-министрдің кеңсесінде болған лаңкестік жарылыста Монафеқин лаңкестік тобының қолынан шәһид болды. Осы шәһидтердің есімін ардақтап, еске алу үшін тамыздың 24-30 күндері «Үкімет апталығы» деп аталды.

ИИР-ның Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында: "2017 жылы мамырдың  19 күні өткен сайлауда көрініс тапқан халықтың заңды талап-тілектеріне жауап беріп, ауқымды бағдарламаларды орындау атқарушы органның басты бағдары болуы тиіс. Соның нәтижесі жайында «Үкімет апталығында» халыққа есеп берілуі қажет",-деді.

ИИР-ның Президенті қалалар мен ауылдардағы исламдық кеңестердің бесінші кезеңі жұмысының басталуымен құттықтап, бұл кеңестердің қызметін исламдық жүйенің  азаматтық құқықтарды сақтап,  Иранның жер-жеріндегі барлық бөлімшелердің істерін басқаруда халықтың ерік-жігерін басты өзек етіп алудың айқын нышаны деп атады.

 

 

Aug 23, 2017 21:57 Asia/Almaty
Сараптама