• Ислам революцияның жетекшісі: Дипломатияда діни-революциялық рухты сақтау қажет

Ислам революциясының жетекшісі сенбі күнгі ИИР-ның Президенті және Министрлер кабинеті мүшелерімен кездесуінде дипломатияда діни-революциялық рух пен бағытты сақтауды маңызды деп атады.

Ислам Революциясының  жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи осы кездесуде дипломатияда жеңіл, дер кезінде, жылдам әрі қырағы әрекет ету  қажеттігін айтып: "Дипломатия мәселесінде өз революциямызды мақтан тұтып, ұлттық нормаларға, яғни  үстемшілдік пен  зұлымдыққа  қарсы тұру сияқты  революциядан бастау алған нормаларға сай әрекет етуді құрмет деп есептеуіміз керек. Революция нормалары мен позицияларын  ұстанудағы беріктік елдің дараланып, басқалардың құрметтеуіне себеп болады. Мұнымен қоса, бұл істің дипломатия өнерінің  әртүрлі тәсілдері мен айла-шарғыларын пайдаланумен еш қайшылығы жоқ", -деді.

Ислам революциясы жетекшісінің сыртқы саясат саласындағы баяндамасында тоқталған маңызды жайттарының бірі санаулы елдермен арадағы қарым-қатынаспен шектелмей, күллі әлемге дипломатиялық байланыстарды кеңейту болды.

Революцияның жетекшісі экономиканы Иранның шынайы бағдары деп атап, жауапты тұлғаларға халықтың мәселелерін, соның ішінде жастардың жұмыссыздығы мәселесін шешу үшін тынбай еңбек ету қажеттігін айтып: "Экономиканы мұнайға тәуелділіктен арылту керек. Бұл маңызды мақсатты Иранның мүмкіндіктері, әлеуеттері мен адами ресурстары арқылы орындауға болады",-деді.

Сондай-ақ, Ислам революциясының жетекшісі Президент пен он екінші үкімет мүшелеріне берген кеңесінде халықтың мәселелерін шешуде джиһадтық рухты сақтап, еселенген талпыныс жасауды, талмай еңбек етіп, адамдармен мықты қарым-қатынас орнатуды, халықтық рухты сақтап, күшейтуді, асып-тасудан аулақ болу қажеттігін айтты. 

 

 

 

 

Aug 26, 2017 22:13 Asia/Almaty
Сараптама