• Иран халқы шетелдік қоқан-лоққылар мен қастандықтардан қорықпайды

ИИР-ның президенті Рухани «Иран халқы шетелдік қоқан-лоққылар мен қастандықтардан қорықпайды. Себебі, бөгделерден тайсалмауды имам Хомейниден үйренген» деді.

ИИР-ның президенті Хасан Рухани жексенбі күні Министрлер кабинетінің ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейндің армандарына адалдықтарын тағы да растау рәсімінде тілшілерге берген сұхбатта: «Имам Хомейни Иранға қарсы 8 жылдық таңған соғыста, барлық басқыншы елдер қолдау көрсеткен соғыста Иран халқына бір халықтың мықты ерік-жігермен әртүрлі қастандықтарға қарсы тұра алатынын үйретті» деді.   

Иран Президенті Конституция мен халықтың дауысын, сайлауларды, еркін мәжіліс пен мықты үкіметті және соттың тәуелсіздігін имам Хомейнидің жәдігерлері деп атап: «Имам Хомейни исламият пен демократияны Иран халқына сыйлап, дін мен илаһи ахкамдарды ұлттық тәуелсіздікпен қатар орындаудың халыққа өз тағдырын анықтау құқығын беретінін көрсетті» деді. 

 

Aug 27, 2017 19:49 Asia/Almaty
Сараптама