• Ислам ревоюциясының жетекшісі: Революция принциптерін нығайтып, исламдық қоғам құру күресті қажет етеді

Ислам революциясының жетекшісі революция принциптерін нығайтып, жалғастырудың күресті қажет ететінін айтып: "Революцияның жеңіске жетуі үшін күрес қажет болғандай, революцияның принциптерін тұрақтандырып, исламдық қоғам құру үшін де күрес қажет",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні жаңа оқу жылы қарсаңында Теһран облысының діни білім беру орталығының ұстаздары және шәкірттерімен кездесуінде: "Ислам адам, саясат, қоғам салалары бойынша жаңа да тартымды ойларға ие. Егер сол ойлар әлем халықтарының құлағына жетсе, міндетті түрде қабылданар еді",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи дінбасыларды пайғамбарлардың міндеті мен миссияларын жалғастырушы деп атап: "Пайғамбарлар монотеистік көзқарастың қалыптасуы мен пәк өмір құруға жағдай жасауды көздегені сынды  дінбасылардың де ең маңызды міндеті осы миссияны орындау",-деді.

Ол Иранда Исламдық жүйенің құрылуы мен  дінбасылардың міндетін орындауға жағдай жасайтын осы кезеңнің артықшылықтарына тоқталып: "Ислами кеңістіктің қоғамды басқаруы – осындай ерекшеліктердің бірі. Мұнымен қоса, дүниежүзі деңгейінде марксизм мен либерализм идеяларының нәтижеге жетпеуі салдарынан пайда болған сергелдеңдіктен интеллектуалдық  вакуум қалыптасты. Бұл исламның жаңа ойларын ұсынуға мүмкіндік тудырды,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі виртуалдық кеңістік қалыптасқаннан кейін баршаны қамтитын ақпарат және байланыс құралдарының пайда болуын исламның өміршең жолдауларын жеткізуге арналған қазіргі заманның келесі бір ерекшелігі деп атап: "Мына заманның тағы бір ерекшелігі – ойдағы сауалдар мен пікірлердің көптігінде. Сұрақтардың көп болуы мидың жауап іздеп, белсене жұмыс жасап, ғылымның шекараларынан өтуіне жағдай жасайды",-деді.

 

Aug 29, 2017 07:48 Asia/Almaty
Сараптама