• Иранның тежегіш қуатында әуе қорғаныс күштерінің орны ерекше

Иранның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі: "Әуе қорғаныс күштерінің Иранның тежегіш қуатының түрлі бөлімдері арасында өзіндік орны бар",-деді.

Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы Әмір Хатами Теһрандағы Хатам ул-Анбия әуе қорғаныс базасының жергілікті жетістіктерін қарау барысында: "Дұшпанның негізгі қуаты – әуе күштері. Иранның әуе қорғаныс күштері дұшпандардың қоқан-лоққыларына қарсы жақсы тежегіш қуатқа ие.

Ислам революциясы жетекшісінің әуе қорғаныс күштерін нығайту бұйрығына сәйкес, Қарулы күштердің негізгі басымдылығы Иранның әуе қорғаныс күштерін нығайту болып отыр.

Иранның әуе қорғаныс күштері әлі де жоғары, орташа және төмен үш сатыда сапа және сан жағынан нығайтуды қажет етеді,-деді.

ИИР армиясына қарасты Хатам ул-Анбия әуе қорғаныс күштерінің базасы Ислам революциясы жетекшісінің жарлығымен 2008 жылы 31 тамызда жаңа қалыпта құрылды.

 

Aug 31, 2017 11:57 Asia/Almaty
Сараптама