• Иран дұшпанның әрекеттерін бақылап отыр

ИИР армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Сайяри бүгінде Иран теңіз күштерінің аймақты толығымен бақылауға алып, дұшпанның әрекеттерін қадағалап отырғанын мәлімдеді.

Сайяри әскери күштердің 47-ші флотилиясын қарсы алу салтанатында: "Ираның дос елдерге жолдауы ортақ мүдделерді қорғауды мақсат етеді. Дұшпандар Иранның өз мүдделері мен қазба байлықтарын қорғауға белді бекем буып отырғанын, және олардың қоқан-лоққыларынан қорықпайтынын білсін. Иран армиясының әскери флотилияларының алыс суларда тұрақты түрде қызмет атқарып жатқанына 9 жылға жуық уақыт болды. Иран армиясының стратегиялық теңіз күштері теңіздерде тұрақты қызмет атқару арқылы жағалау күші ғана емес екенін, Иранның мықты мемлекет екенін дәлелдеді",-деді.

 

 

Sep 02, 2017 23:00 Asia/Almaty
Сараптама