• Иран мен Оңтүстік Африка Республикасы екіжақты ынтымақтастықты дамытуды қуаттады

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы мен ОАР Парламенті Өкілдер палатасының басшысы әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуды қуаттады.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы сенбі күні Теһран қаласында ОАР Парламентінің Өкілдер палатасының басшысы Балека Мбетемен кездесуден кейін өткен баспасөз отырысында: "Иран Ислам Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасының қарым-қатынасы өткен жиырма жылда жақсы әрі достық сипатта болып, екі ел маңызды халықаралық мәселелер бойынша кеңесулер өткізді",-деді.

ОАР Парламенті Өкілдер палатасының басшысы Балека Мбете де Әли Лариджанимен өткізген ортақ баспасөз отырысында әртүрлі мемлекеттер арасында өзара ықпалдастық пен қауіпсіздік тудырудағы парламенттердің  рөлін қуаттап: "Иранның "БРИКС" тобына қосылу мәселесі күн тәртібінде тұр",-деді.

 

 

Sep 03, 2017 08:10 Asia/Almaty
Сараптама