• Иранның талантты перзенттері – мақтанышымыздың мәйегі

Иранның барлық күштерінің бас қолбасшысы жексенбі күні ИИР Әскерінің "Хатам ул-Анбия" әуе қорғаныс базасының жауапты тұлғалары мен қолбасшыларын қабылдауында: "Иранның талантты перзенттері елімізде болсын, немесе әлемнің ғылыми-техникалық орталықтарында болсын, біздің мақтанышымыз саналады",- деді.

Революция жетекшісі кеңсесінің ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның барлық күштерінің бас қолбасшысы хазірет аятолла Хаменеи сауатты, саналы, батыл және қажымас адами күштерді кедергілерді жеңіп, солардан өтетін негіз деп атап: "Қарулы күштер мен ғылым мен техника секілді түрлі салалардағы көптеген жетістіктер Иранның жас әрі ынталы адами күштерінің бойында күш пен қабілеттің бар екендігін дәлелдейді" деді.

Хазірет аятолла Хаменеи Иран мәселелерінің шешімін осы қайнап тұрған қабілеттер мен дарындарды пайдалану және белсенді ету деп атап, қажеттіліктер мен кемшіліктерді жою мақсатында Иран Әскері мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе қорғаныс базасындағы үйлесімді жұмысы мен базаның Қорғаныс министрлігі, университеттер мен ғылыми орталықтармен әріптестік жасауына алғыс білдіріп: "Жұмыс пен талпынысты бұрынғыдан бетер жылдамырақ қарқынмен жалғастырып, жаңа әрі бастамашыл жоспарлар ұсынып, Иранның жеткіліктілікке жетуі жолында алға қадам басыңдар",- деп баса айтты.

Иранның барлық күштерінің бас қолбасшысы Иран Әскерінің "Хатам ул-Анбия" әуе қорғаныс базасын елдің қадір-қасиеті мен болмысын қорғаудың алдыңғы шебі деп атап, адами күштердің әртүрлі салалардағы, соның ішінде Қарулы күштердің дамуындағы теңдессіз рөліне сілтеме жасап: "Үздіксіз еңбек пен талпыныс арқылы адами күштердің қабілет-дарындарын арттырып, соларды Иранның қажеттіліктері мен кемшіліктерін жою жолында пайдаланыңдар", - деп кеңес берді.

 

Sep 04, 2017 15:03 Asia/Almaty
Сараптама