• Иран, Сирия, Ресей мен қарсыласу қозғалысы ықпалдастығының нәтижесі байқалуда

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің басшысы Шамхани: "Иран, Сирия, Ресей мен қарсыласу қозғалысының саяси және соғыс алаңында лаңкестікпен шынайы түрде күресудегі стратегиялық ықпалдастығының құнды нәтижелері байқалуда",-деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің басшысы Әли Шамхани сейсенбі күні Теһранда Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Сергей Лаврентьевпен кездесуінде Иран, Сирия, Ресей мен қарсыласу қозғалысының лаңкестікпен күрестегі жетістіктеріне тоқталып: "Басқа тараптармен қосымша әріптестік пен серіктестік тек Сирия халқы мен  сол елдің заңды үкіметінің талап-тілектерін шынайы қолдау ниетімен жасалады",-деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің басшысы Ливан Хезболласының осы елді ДАИШ лаңкестерінен тазарту жолындағы қадамдарын қолдайтынын  айтып: "Ливан Хезболласының Сирия жерінде қоршауда қалған бір топты бір жерден екінші жерге ауыстыруға рұқсат беруі – оперативтік тактика. Бұл лаңкестермен күрес стратегиясын өзгертпейді",-деді.

Александр Лаврентьев те Сирия тақырыбында әртүрлі елдермен өткен жуырдағы келіссөздер мен дипломатиялық қадамдар туралы баяндама жасаған кезде: "Ресей бұрынғыдай лаңкестер мен саяси шешім жолына берік емес адамдарға қарсы әскери амалдар жүргізуді өз міндеті санап, саяси шешім жолдарын табуды ілгерілетумен бірге, ДАИШ, ән-Носрат майданы және соларға қатысты топтармен күресті жалғастырады» деді.

 

 

 

 

 

Sep 05, 2017 22:32 Asia/Almaty
Сараптама