• Генерал Бағери басқыншы ұшақтарға ескерту жасады

Иран Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы дивизия генералы Бағери АҚШ-тың әскери кемелерімен үйлесудің Иран үшін күлкілі жағдай екенін айтып: "Дұшпандар Иранның басқыншы ұшақтарға жасаған ескертуінің алғашқы ескерту екенін білсін",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы дивизия генералы Мұхаммед Бағери бүгін таңертең "Құқық қорғау" конференциясында: «Жағалау ережелеріне сай Парсы шығанағы – Иранның заңды бөлігі. Иран осы жердегі өз мүдделерін қорғауы қажет, алайда әлемнің арғы бетінен Парсы шығанағына келген бір ел өзінің құқығы бар деп санайды. Бұл шектен тыс талап етушілік болумен қоса, халықаралық заңдарды бұзу саналады»,-деді.

Генерал Бағери халықаралық заңдар аясында Иранның әуе кеңістігіндегі өз шекараларын Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен (ICAO) үйлестіретінін айтып: "Егер басқыншы ұшақ Иранның әуе кеңістігіне кіретін болса, әуе-қорғаныс базасы оған шұғыл түрде  ескерту жасайды, бірақ, өкінішке орай, үстемшіл елдер «Иран АҚШ-тың ұшақтарына ескерту жасады» деп тағы дау-дамай шығарады.

Олар алдымен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қорғаныс ісіне қатыссыз деп жариялады. Алайда кейін ядролық оқтұмсықты тасуға арналған зымыран жасауға құқықтарыңыз жоқ деген шарт қойды. Әрине мұндай әрекет Иранда жасалмайды",-деді.

 

 

Sep 06, 2017 07:40 Asia/Almaty
Сараптама