• Мьянма мұсылмандарының қырғыны адамгершілік сөзінің бос уәж екенін көрсетті

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Шаһруди: «Адам құқығы туралы айтып, сөз бен ақида бостандығын қорғаушылардың үнсіздігінің саясында әлемдіктердің құлағына жетіп жатқан Мьянманың мазлұм мұсылмандарының айуандықпен қырылуы туралы жантүршіктірерлік хабарлар ислам әлемін қайғыға батырып, адамгершілік сөзінің бос уәж екенін көрсетті» деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Махмуд Һашеми Шаһруди бүгін, бейсенбі күні мәлімдеме жариялап, Мьянма мұсылмандарының қырғынын айыптап: «Мьянма мұсылмандарының қырғыны адам құқығы мен азаттықты қорғаушылардың жалған уәждерінің әлемдік үстемшілдіктің ұрандары сынды тек саяси және мәдени араласушылықты арттырып, елдердің, әсіресе ислам елдерінің жағдайын өзгертіп, қанішер, бала өлтіргіш Израиль режимі үшін қауіпсіздік орнату және ислам елдері мен әлемнің тәуелсіз елдерінің байлықтары мен мүдделерін талан-таражға салу аясындағы құрал екенін көрсетті» деп қуаттады.  

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы осы мәлімдемеде ислам әлемінің үлемдерін әлемдік шайтани қастандықтарға қатысты мұсылмандарды оятуға, ислам елдерін Мьянма мұсылмандарына қарсы қылмыстарды тоқтатуға күш салуға, исламның үлкен үмбетін исламның қас дұшпандарына қарсы бірлік пен ауызбіршілікті сақтауға шақырды. 

 

Sep 07, 2017 18:59 Asia/Almaty
Сараптама