• Иран халқы Мьянмадағы мұсылмандардың қырғынын айыптап, шеру өткізді

Ирандық намазхандар Теһран мен Иранның басқа қалаларында жұма намазынан кейін шерулерге қатысып, Мьянмадағы қылмыстар мен мұсылмандардың қырып-жойылуын айыптап, мұсылмандарды қолдайтындықтарын жариялады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, шерушілер мәлімдеме жариялап, халықаралық қауымдастық пен адам құқығын қорғау туралы уәж айтатын елдердің Мьянмада мұсылмандардың қырғынына қатысты үнсіздігін айыптады.

Шерушілер өз мәлімдемесінде ислам елдері басшылары мен ислам әлемі үлемдерінен Мьянмада қорғансыз мұсылмандардың қырып-жойылуының алдын алу үшін іс жүзінде әрекет етуді сұрап, Мьянмадағы қорғансыз мұсылмандарға қарсы айуандық қылмыстарды алпауыттардың үстемшілдік саясатының бір бөлігі деп атап, адамзатқа қарсы осы қылмыстарды қатты айыптады.

25 тамыздан бүгінгі күнге дейін Мьянма армиясының елдің батысында орналасқан Ракхайн провинциясындағы рохинья мұсылмандарына қарсы басып-жаншушы шабуылдарының жаңа легі барысында 6334 мұсылман қаза тауып, 8349 адам жараланды.

 

Sep 09, 2017 15:27 Asia/Almaty
Сараптама