• АҚШ аймақтан өзінің пайдасын көздейді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми аймақтың кейбір мемлекеттері мен АҚШ-ның кейбір арнайы терминдерді пайдаланып, өздерінің пайдасын көздейтінін айтты.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні жергілікті және шетелдік журналистермен өткізген ақпарат отырысында шетелдік торап тілшісінің Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің АҚШ Президентімен телефон арқылы сұхбатындағы Иранға қарсы негізсіз уәждері туралы сұрағына: «Иранның аймақтағы ықпалы табиғи  және өте айқын мәселе. Мәдениет пен өркениет географиялық шекаралармен шектелмейді. Иранның айналасындағы пікірталастар өркениетке қатысты»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Лондонда шығатын The Daily Telegraph газетінің «Иран Солтүстік Кореяға зымырандық қару саласында көмектесті» деген уәждеріне қатысты: «Бұл – негізсіз, сенуге болмайтын уәждер. Оларға назар аудару уақытты босқа кетіру саналады»,- деді.

Ғасеми Ирактың Күрдістан аймағындағы өткізілетін референдум  мен сол аймақтың басшысы Масуд Барзанидің Ираннан Эрбиль мен Бағдад арасында арағайындық жасауды сұрағаны туралы: «Ислам республикасы өзінің мүмкіндігі мен Ирактың орталық үкіметімен, басқа топтары және тұлғаларымен жақсы қарым-қатынасқа ие болғандықтан, қатерлі салдарларға себеп болатын кейбір дағдарыстардың алдын алуға талпыныс жасайды»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы ақпарат отырысының басында Мьянма армиясының рохинья мұсылмандарына қарсы қылмыстарын айыптап, АҚШ-тағы дауыл мен Мексикадағы жерсілкінісі оқиғаларына өкініш білдірді.

 

 

Sep 12, 2017 07:32 Asia/Almaty
Сараптама