• Мьянма мәселесін шешу үшін мұсылман елдерi іс жүзінде шара қолдануы керек

Иран Ислам революциясының жетекшісі әлемдік қоғам мен адам құқығы туралы уәж айтушылардың Мьянмадағы апатқа үнсіздік танытып, шара қолданбауын сынап: «Мьянма мәселесін шешу үшін мұсылман елдер іс жүзінде шара қолданып, Мьянманың рақымсыз үкіметіне саяси және экономикалық тұрғылардан қысым көрсетуі керек»,- деп қуаттады.

Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи бүгін, сейсенбі күні таңертең діни шәкірттердің фикқтан тыс сабақтарының басында исламдық үкіметтердің іс жүзінде әрекет ету қажеттігін қуаттап: «Әрине, іс жүзінде әрекет жасау әскери шара қолдану дегенді білдірмейді. Мьянма үкіметіне саяси, экономикалық және сауда қысымдарын арттырып, халықаралық деңгейде олардың қылмыстарын әшкерелеу керек»,- деді.

Аятолла Хаменеи Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Мьянма апатына қатысты отырысын қажет санап: «Бүгінгі әлем – зорлық-зомбылық әлемі. ИИР әлемнің әр аймағындағы, соның ішінде сионистер басып алған аймақтар болсын, немесе Йемен мен Бахрейндегі және  Мьянмадағы зұлымдықтарға болсын өз ұстанымын жылдам әрі батыл білдіре алатынын мақтан тұтуы керек»,- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі Мьянмадағы апатты мұсылмандар мен буддистердің арасындағы мазхаби қақтығыс деп сараптауды бұрыс деп атап: «Бұл оқиғаға мазхабтық ырымшылдық ықпалын тигізген болар, бірақ бұл саяси оқиға. Өйткені, оның факторы – Мьянма үкіметі. Бұл үкіметті Нобель сыйлығына ие болған рақымсыз әйел  басқарып отыр. Негізінде, ол өз әрекеттерімен бейбітшілік саласында берілетін сыйлығын жойды»,- деді.

Аятолла Хаменеи БҰҰ Бас хатшысының Мьянмадағы қылмыстарды тек айыптаумен шектелгенін сынап: «Кейде бір елдегі қылмыскерге өлім жазасы қолданылғаны үшін шу көтеріп, жанжал шығаратын адам құқығы туралы уәж айтушылар Мьянманың ондаған мың адамының қырылып, босқынға айналуына қатысты ешқандай шара қолданбай отыр»,- деді.  

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

 

 

 

 

 

Sep 12, 2017 14:37 Asia/Almaty
Сараптама