• Ешбір үкіметтің Иранға шабуыл жасауға күші жетпейді

Иран Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы Мұхаммад Бақери ешбір үкіметтің Иранға шабуыл жасауға күшінің жетпейтінін қуаттап: «Қасиетті қорғаныс кезеңі Иранның өз күшіне сүйенуіне себеп болды»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігіне қарасты ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы Мұхаммад Бақери сейсенбі күні Ислам революциясының алғашқы күндерінен бастап Иранның қорғаныс бөлімінің санкциялармен бетпе-бет келгеніне сілтеме жасап: «ИИР қазіргі таңда қорғаныс жабдықтарын шығару саласында ешбір елге тәуелді емес. Иранның стратегиялық айбынының жоғарылығы соншама, ИИР  дұшпандарының ешқайсы бізге шабуыл жасау туралы тіпті ойлай да алмайды»,- деп қуаттады.

 

 

Sep 13, 2017 14:43 Asia/Almaty
Сараптама