• Иран Парламентінің делегациясы Мьянмаға мұсылмандардың жағдайын қарастыру үшін аттанады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы Иран делегациясының Мьянмаға мұсылмандардың жағдайын қарастыру үшін аттанатынын хабарлады.

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы Алауеддин Бруджерди  сәрсенбі күні осы комиссияның Мьянмадағы мұсылмандардың жағдайын қарастыруға арналған кезектен тыс отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатта: "Иранның Таиландтағы елшісі Мьянмаға барып, Мьянма үкіметіне ИИР-ның шынайы алаңдаушылығын білдіріп, рохинья мұсылмандарына дөрекі қатынас көрсетуді тоқтату қажеттігін қуаттады",-деді.

Бруджерди Иран Сыртқы істер министрлігінің жауапты тұлғаларының рохинья мұсылмандарына Иранның гуманитарлық көмегін жеткізу мақсатында осы аймаққа баратындығына тоқталып: "Иран Мәжілісінің өкілі де делегациямен бірге босқын рохинья мұсылман әйелдерге қатысты шараларды атқару үшін Мьянмаға жіберіледі. 

Батыстағы адам құқығын қорғаушылар Мьянмадағы қылмыстарға көжұмбайлық танытып отыр, тіпті, Мьянманың Сыртқы істер министріне Нобель бейбітшілік сыйлығын берді. Өйткені, Батыс адам құқығына тек құрал ретінде қарайды»,-деді.

 


 

 

Sep 14, 2017 08:09 Asia/Almaty
Сараптама