• Жүйе мүддесін анықтау алқасы революция бағытында ойлап, әрекет жасап, өзінің революциялық сипатын сақтауы керек

Ислам революциясының жетекшісі ел мүддесін анықтауды, жалпы саясатты айқындауға кеңес беру мен елдегі қиындықтардың шешім жолын ұсынуды Жүйе мүддесін анықтау алқасының үш маңызды міндеті деп атап: "Алқа 100 пайыз революция бағытында ойлап, әрекет жасап, өзінің революциялық сипатын сақтауы керек",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі  хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Жүйе мүддесін анықтау алқасының жаңа құрамының басшысы және  мүшелерімен кездесуде алқаның мемлекеттік мүддені анықтау мен орындаудағы маңызды әрі ауыр жауапкершілігіне тоқталып: "Жүйе мүддесін анықтау алқасы белгілі бір маңызды мүдде туындап, Ислам кеңесі мәжілісінің пікірін Эксперттер кеңесінің көзқарасынан артық санаған жағдайда бұған ерекше көңіл аударуы тиіс. Екінші деңгейлі деп танылған мүдде де өте маңызды, расталған әрі айқын болуы мүмкін. Сондықтан ол Алқаның басым дауысымен белгілі бір уақытқа немесе уақытша қабылдануы тиіс. Жүйе мүддесін анықтау алқасы мүддені бір күндік емес, ұзақ мерзімді көзқараспен белгілеуі керек. Мүддені анықтау үшін барлық мүшелердің, соның ішінде Эксперттер кеңесінің діни заңгерлерінің белсене қатысуымен нақты, толық әрі дәлелді пікірталастар жүргізілуі керек",-деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі  Алқаның екінші міндетінің, яғни жетекшіге жүйенің жалпы саясаттарын айқындауда кеңес берудің жан-жақты және нақты сараптауды қажет ететіндігін айтып: "Жалпы саясаттар жүйенің әртүрлі мәселелерге қатысты геометриясын анықтайды, сондықтан  өте маңызды.

Жүйе мүддесін анықтау алқасы имам Хомейни мен революцияның жетістіктерін еске салады. Бұл алқа елді басқару үдерісінде өте маңызды ықпалға ие. Сондықтан оған имам Хомейни мен революцияның  идеологиясы толық үстемдік етуі тиіс. Алқа революциялық сипатта ойлап, әрекет етуі керек. Одан революцияның негізгі принциптері мен имамның құнды мұрасынан алшақ ешқандай қаулы, ұстаным мен шара байқалмауы тиіс»,-деді.

 

Sep 14, 2017 08:38 Asia/Almaty
Сараптама