• Аргентинада бірнеше жыл бұрын болған жарылысты Иранмен байланыстыру – сионистік қастандық

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми бірнеше жыл бұрын Аргентинаның астанасында болған лаңкестік әрекетті айыптап, соған қатысты ирандық азаматтарға тағылған айыптарды сионистердің Иранға қарсы қастандығы деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні кешке сионистік режим Премьер-министрінің бірнеше жыл бұрын Аргентинада болған жарылысқа Иранның қатыстылығы жайлы қайталамалы жалған уәждерін айыптап: «Сионистер мен Аргентинадағы мафия осы әрекеттің шынайы орындаушыларын жазадан құтқаруға күш салуда. 

Сионистердің 1994 жылы Аргентинадағы еврейлер орталығында болған жарылыс туралы уәждерінің мақсаты қоғамдық пікірді Құдсты басып алған режимнің Палестина жерінде адам құқығын бұзуына қатысты күн сайын артып жатқан қылмыстарынан алдарқату болып отыр.

Әлемдік қауымдастықтан осы бала өлтіргіш режим басшыларының Палестинада жазықсыз адамдарды қырып-жоюын, Ливан мен Сирияның ұлттық егемендігін бұзуын, араб және ислам елдеріне үсті-үстіне басқыншылық жасауын, лаңкестік ағымдарға мемлекеттік қолдау көрсетуін тоқтатуды сұраймыз»,-деді.

1994 жылы Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында еврейлерге тиесілі мәдени орталықта болған жарылыста 85-тен астам адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланды.

 

Sep 14, 2017 14:48 Asia/Almaty
Сараптама