• Діни жетекші Жүйе мүддесін анықтау алқасының маңызды да ауыр міндеттерін анықтады

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Жүйе мүддесін анықтау алқасының жаңа құрамының басшысы және мүшелерімен кездесуде алқаның мемлекеттік мүддені анықтау мен орындаудағы маңызды әрі ауыр жауапкершілігіне тоқталып: "Алқа 100 пайыз революция бағытында ойлап, әрекет жасап, өзінің революциялық сипатын сақтауы керек",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі ел мүддесін анықтауды, жалпы саясатты айқындауға кеңес беру мен елдегі қиындықтардың шешім жолын ұсынуды Жүйе мүддесін анықтау алқасының үш маңызды міндеті деп атап, жалпы саясатта ұзақ мерзімді мәселелерді уақытша тақырыптардан бөліп қарастыру керектігін айтып: «Кейбір жалпы саясаттар қайта қарастыруды және жүзеге асыруды қажет етеді, ал басқа біреулерінің уақыты өткен болуы мүмкін. Жүйе мүддесін анықтау алқасы белгілі бір маңызды мүдде туындап, Ислам кеңесі мәжілісінің пікірін Эксперттер кеңесінің көзқарасынан артық санаған жағдайда бұған ерекше көңіл аударуы тиіс. Екінші деңгейлі деп танылған мүдде де өте маңызды, расталған әрі айқын болуы мүмкін. Сондықтан, ол Алқаның басым дауысымен белгілі бір уақытқа немесе уақытша қабылдануы тиіс»,-деді.

Жүйе мүддесін анықтау алқасы ИИР жүйесіндегі органдар арасында басқалардан өзгеше міндетке ие.  Бұл міндет елді басқару үдерісінде өте маңызды. Жүйе мүддесін анықтау алқасы осы тұрғыдан үкіметтің әралуан міндеттерге ие маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. ИИР Конституциясының 112-бабына сәйкес, Ислам Кеңесінің Мәжілісі заң жобасын қабылдап, Эксперттер кеңесі тарапынан бұл жоба жарамсыз деп табылса, оны бекіту немесе қабылдамау критерийі Жүйе мүддесін анықтау алқасының қаулысы болады. Мұндай қайшылықтар басқа да органдардың арасында туындауы мүмкін. Жүйе мүддесін анықтау алқасының келесі маңызды міндеті ИИР Конституциясының 110-бабына сәйкес жүйенің жалпы саясаттарының жобасын дайындап, Ислам революциясының жетекшісіне ұсыну болып табылады. Жетекші растағаннан кейін  бұл саясаттар заң шығару органы үшін жұмыс критерийіне айналады. Ислам Кеңесі Мәжілісі, үкімет және жүйенің барлық жауапты тұлғалары өздерінің бағдарламаларын осы саясаттардың негізінде дайындауға міндетті. Сондықтан, Ислам революциясы жетекшісінің баяндамасында Жүйе мүддесін анықтау алқасы міндетінің маңыздылығы қуатталды. Өйткені, бүгінде халық пен жүйенің  мүдделері аясында маңызды мәселелерге қатысты жалпы стратегияларды айқындау үшін қажеттілік туындап отыр. Осыған қатысты Ислам революциясының жетекшісі Алқаның екінші міндетінің, яғни жетекшіге жүйенің жалпы саясаттарын айқындауда кеңес берудің жан-жақты және нақты сараптауды қажет ететіндігін айтып: "Жалпы саясаттар жүйенің әртүрлі мәселелерге қатысты геометриясын анықтайды, сондықтан  өте маңызды»,-деді.

Шын мәнінде Жүйе мүддесін анықтау алқасы жауапты орган ретінде ел мүддесін назарға алып,  тиісті аппараттарға сарабдал шешімдерін жариялап, олардың мүлтіксіз орындалуын талап етуі тиіс. Жарияланған шешімдер мен сарапшылық көзқарастар көптеген салаларда жүйе мақсаттарын орындау жолында әрекет етудің жоспарын дайындаудың негіздемесіне айналып, ұзақ мерзімде әсер етеді. Сол себепті Ислам революциясының жетекшісі  Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшелеріне: «Жалпы саясаттар мықты, нақты әрі пайдалы болатындай әрекет етіңіздер. Қысқа уақыттан кейін өзгертуді немесе қайта қарастыруды қажет етпейтін болсын»,-деп кеңес берді.

 

Sep 14, 2017 15:13 Asia/Almaty
Сараптама