• Иранның түкпір-түкпірінде имам Хусейнді аза тұту рәсімдері өтуде

Жексенбі, 9 меһр, х.қ.ж.с.б. 1439 жылдың мұхаррам айының 10-шы жұлдызы, сәйкесінше 2017 жылдың 1 қазаны – имам Хусейннің Ашура күні.

10 мұхаррам – шиіттердің үшінші имамы хазірет Хусейннің (ғ.с.) шәһид болған күні.  Хазірет имам Хусейн х.қ.ж.с.б. 61 жылы 10 мұхаррамда Кербалада 57 жасында шәһид болды.

Хазірет имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болғанға дейін Кербала оқиғасы мен Меккеден Кербалаға баратын жолды түсіндіріп: «Менің осы әрекетімнің мақсаты – Язидтің исламға қарсы үкіметін әшкере ету, жақсылыққа шақырып, жамандықтан жирендіру үкімін орындап, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру. Құран Кәрімді қолдап, хазірет Мұхаммад таратқан таза ислам дінін аман сақтаудан басқа мақсатым жоқ»,-деп кесіп айтқан. 

Исламдық Иранның мүмін халқы имам Хусейннің Ашура күні мешіттер, хусейниелер мен көшелерге жиналып, аза тұту рәсімдерін өткізді. Иранның түкпір-түкпіріндегі аза тұтушы жамағат Ашура күні түсте имам Хусейнді еске алып намаз оқыды.

ИИР Телерадио бірлестігі хазірет имам Хусейннің (ғ.с.) шәһид болған күніне орай барша мұсылмандар мен азаттық сүюшілерге көңіл айтады.  

 

Тегтер

Oct 01, 2017 16:21 Asia/Almaty
Сараптама