Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысы әкімінің орынбасары Иран мен Қазақстанның ортақ мәселелерінің екіжақты ынтымақтастықтар мен қарым-қатынастарды арттыруға көмектесетінін қуаттады.

Иранның Гүлстан облысы әкімінің экономикалық істер жөніндегі орынбасары Махмуд Раби сенбі күні кешке Қазақстанның Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесуінде: "Иранның Гүлстан облысы мен Қазақстанның кейбір облыстары арасындағы климат, денсаулық пен туризм бөлімдеріндегі  ортақ мәселелер  екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға көмектеседі",- деді.

Гүлстан облысы әкімінің орынбасары бұл облыс пен Қазақстанның Қызылорда және Маңғыстау облыстарының ауылшаруашылығы саласында меморандумға қол қойғанына тоқталып: "Гүлстан облысының медициналық туризмі саласындағы мүмкіндігі де ынтымақтастықтардың алға ілгерілеуіне  көмектесе алады",- деді.

Қазақстанның Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев кездесуде қазақстандық топтың Гүлстан облысына достық ниет және ынтымақтастықтарды дамыту мақсатында келгенін мәлімдеп: "Қызылорда тасымал саласында жақсы мүмкіндіктер мен Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолына қолжетімділікке ие. Қызылорда жыл сайын Иранға 20 миллион тонна күріш экспорттай алады» деді.

 

 

 

Oct 22, 2017 22:56 Asia/Almaty
Сараптама