• Ислам революциясының жетекшісі: Арбағин күнгі жаяу шеру – ұлы көрініс

Иран Ислам революциясы жетекшісі имам Хусейн (ғ.с.)-ның Арбағин күніндегі жаяу шеру туралы: "Осы кезде жаяу шеруге қатысып, зиярат етіп, "Зиярате Арбағин" зияратнамасын оқуды мақсат еткен адамдар қандай бақытты. Арбағин күнінің зияратнамасы әлем шиіттерінің үшінші имамы, Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хусейн (ғ.с.)-ға арналған",- деді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі имам Хусейн (ғ.с.)-ның Арбағин күніндегі жаяу шеру туралы: "Қазір жаяу шеруге қатысып, Арбағин зияратына жетіп, Арбағин күнінің мағыналы зияратнамасын әлем шиіттерінің үшінші имамы, Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хусейн (ғ.с.)-ға арнап оқитын адамдар қандай бақытты. Құдайға шүкір, бұл шеруге Иран мен Ирактың және тағы да басқа елдердің миллиондған халқы қатысуда",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі имам Хусейн (ғ.с.)-ның Арбағин күніндегі жаяу шеруді Алланың пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің жақтастарына сыйлаған ұлы оқиғалардың бірі деп атап: "Бұл нығметі үшін Ұлы Аллаға шүкіршілік білдіру керек. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның Арбағин күніндегі жаяу шеру – Алланың елшісі мен хазіреттің пәк әулетінің жақтастарын жинайтын көркем де салтанатты көрініс",- деп қуаттады.

Хиджриқамаридың 1439 жылының сафар айының 20-сы, сәйкесінше қараша айының тоғызы Кербала даласында шәһид болған имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктерінің қырқы – Арбағиннің жылдығы.

 

 

 

Nov 08, 2017 15:02 Asia/Almaty
Сараптама