• Ислам революциясының жетекшісі: Революцияның өткен жолы үміттендіретін белгілерді көрсетіп отыр

Шәһидтердің жетекшісі хазірет Аба Абдулла Хусейн (ғ.) мен оның сенімді серіктерінің қырқының жылдығы – Арбағин күні имам Хомейнидің (р.) кесенесі Иранның түкпір-түкпірінен келген студенттік делегацияларды қабылдады. Студенттер мен университет қызметкерлері Ислам революциясының жетекшісімен бірге аза тұту рәсімдерін өткізді.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи студенттердің алдында қысқаша сөз сөйлеп, Хусейннің қырқы – Арбағинге қатысты аза тұту рәсімдерін мадақтап: «Бұл жиындар баршаның ерік-жігерін нығайтуы керек. Осы жолда әрдайым қадамымыздың нығайып, қиындықтар мен құбылмалы сәттердің ықпалына түсіп кетпеуіміз маңызды.

Құдай жолында талпыныс жасап, ақиқат пен әділет орнату, исламдық өркениет пен қоғамға жетудің жолы ауыр, әрі шарықтаулар мен құлдырауларға толы. Ислам революциясының жүріп өткен жолы мен алдағы перспективасына көз салғанда толығымен үміттендіріп, табысқа жеткізетін белгілерді көреміз»,-деді. 

Рәсімнің соңында студенттер Ислам революциясының жетекшісімен бірге бесін және екінті намаздарын оқыды.

 

Nov 10, 2017 20:14 Asia/Almaty
Сараптама