• Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: «Саудиялықтар Ливанда тынышсыздық пен бүлік тудыруды көздеп отыр.

 

Эр-Риядта Ливан Премьер-министрі Саад әл-Хариридің отставкаға кетуі Сауд Арабиясының Ливанның ішкі ісіне әшкере түрде араласып жатқанын көрсетеді»,-деді.

Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпагері аятолла Ахмад Хатами Сауд Арабиясының Ливанда бейберекеттік орнап, дағдарыстың пайда болғанын  қалайтынын айтып: «Ирак, Сирия, Йемен мен Ливандағы барлық қылмыстарда айшықты рөл атқарған Сауд әулеті режимі енді Ливанның Премьер-министрін шақырып алып, оған алдын ала дайындалған мәтін беріп, отставкаға кетуге мәжбүрлеп, Ливанның ішкі ісіне тікелей араласып отыр»,-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері Сауд Арабиясындағы соңғы өзгерістер мен саудиялық ханзадалардың құрықталуын да сахналандырылған қойылым деп атап: «Сауд әулетінің билікке жаңа келген тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның Иранға қарсы сөздері мен қоқан-лоққылары орындалатын болса, Иран халқының тегеурінді жауабы мен ауыр соққысына ұшырайды»,-деді.

Аятолла Ахмад Хатами, сондай-ақ, Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы референдум жеңіліске ұшырағаннан кейін аймақта «жаңа Израиль» құру қастандығының залалсыздандырылғанына тоқталып, Ирак Күрдістанының басшыларына жеңіліспен аяқталған осы ащы тәжірибені қайталамай, Ирактың біртұтас халқы мен үкіметімен бірге болуға кеңес берді.

 

Nov 11, 2017 14:35 Asia/Almaty
Сараптама