• Революция жетекшісі елдің жауапты тұлғаларын зілзаладан жапа шеккендерге көмек көрсетуге шақырды

Ислам революциясының жетекшісі Иранның батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамдардың қаза тауып, зардап шегуіне байланысты үндеу жолдады.

Жексенбі күні кешке Иранның батыс аймақтары мен Ирактың әртүрлі қалаларында Рихтер бағамы бойынша 7,3 балдық жер сілкінісі болды. Иранның батыс аймақтарында орын алған зілзала салдарынан 207 адам қаза болып, 1684 адам жараланды.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өз жолдауында: "Еліміздің батысында орын алып, көптеген ғазиз отандастарымыздың қаза болуы мен одан да көп адамдардың жаралануына, сонымен қатар көптеген зиян мен шығын келтірген жер сілкінісі туралы хабарды үлкен қайғымен қабылдадым.

Жауапты тұлғалар тез арада алғашқы сағаттарда барлық күш-қуаттарын жарақаттанғандарға, әсіресе үйінділердің астында көміліп қалғандарға көмектесуге пайдаланып, қолда бар мүмкіндіктермен зардаптардың артуының алдын алуға міндетті.

Мен осы қайғылы оқиғаға байланысты Иран халқы, әсіресе Керманшаһ облысының тұрғындарына, соның ішінде жапа шеккен отбасылардың қайғыларына ортақтастық білдіремін. Алла Тағаладан қайғы-қасіретті өзінің рақымы мен жомарттығының мәйегіне айналдырып, ғазиз халқымыздың бойындағы сабыр мен табандылық және қарсыласу күшін арттыруды сұраймын",- деді.

 

Nov 13, 2017 15:19 Asia/Almaty
Сараптама