• Діни жетекші: Арбағиннің ұлы оқиғасы – Құдай жолындағы джиһад пен шәһәдат рухы таралуының көрінісі

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Арбағин шерулерінің салтанатты әрі таңданыс тудыратын оқиғасын мадақтап, дұға тілеп, зияратшылардың зияраттарының қабыл болуын сұрап, осы рәсімді өткізушілерге алғыс айтты.

Хазірет аятолла Хаменей бүгін таңертең Иранның солтүстік-батысында орналасқан Шығыс Әзірбайжан облысы мен Теһранның оңтүстігіндегі Құм облысының басшылары мен мәдени сала белсенділерінің бір тобымен кездесуде Арбағинның ұлы шерулерін ислам әлеміндегі Құдай жолындағы күрес рухы мен шәһадатқа әзірліктің артуының белгісі деп атап:  «Лаңкестіктің қоқан-лоққыларына қарамастан әлемнің әртүрлі жерінен келген халықтың үлкен санының қатысуы ұлы құбылыс пен Құдай жолындағы күрес идеясы мен осы жолдағы баршаның әзірлігін көрсетеді» деді. 
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі илаһи және рухани құбылыс Арбағин шерулерін бұрын-соңды болмаған, сөзбен айтып жеткізгісіз деп атап: «Салтанатты қозғалысты өткізудің жабдығын әзірлеген Ирак үкіметіне, хазірет имам Хосейннің зияратшыларын  риясыз әрі шат көңілмен қабылдап, қонақжайлық танытқан Ирак халқына, ирактық күрескер жастар мен Хашд аш-Шааби ерікті күштеріне, сонымен қатар шараның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен ұйымдастырушыларға, Наджаф пен Кербала қалаларының басшыларына шын жүректен алғыс айтып, оларға илаһи береке тілеймін» деді. 
 

 

Nov 13, 2017 21:42 Asia/Almaty
Сараптама