• Иранның батысындағы жерсілкінісі салдарынан қаза болғандар туралы жаңа мәлімет жарияланды

Керманшаһ облысының сот медицинасының қоғамдық байланыс бөлімі осы уақытқа дейін Иранның батысындағы жерсілкінісі салдарынан 430 адамның қаза болғанын хабарлады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, жедел жәрдем ұйымының баспасөз хатшысы Бехнам Саиди дейін жерсілкінісі салдарынан осы уақытқа дейін 7370 адамның жараланғанын хабарлаған.

Жексенбі күні Иранның батысы   мен Ирактың шығысының әртүрлі аймақтарында Рихтер бағамы бойынша 7,3 пайыздық жерсілкінісі болды. Осы уақытқа дейін Иранның Керманшаһ облысында 193-тен астам жер дүмпуі тіркелді.

Иран Президентінің бұйрығы бойынша елдің Ішкі істер және Денсаулық министрі, Қызыл Жарты ай қоғамының басшысы президенттік арнайы топпен бірге Керманшаһ облысындағы жерсілкінісі болған аймақтарға аттанды.

Жерсілкінісі болған аймақтарда халыққа жедел көмек көрсету мекендері дереу іске кірісті. Ислам Революциясының Сақшылар корпусы, армиясы мен халықтық ерік күштері зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұл аймақтарда дала ауруханалары ұйымдастырылып, ерікті күштер аттанды.

 

 

 

 

Nov 14, 2017 14:44 Asia/Almaty
Сараптама