• Рухани зілзалаға ұшыраған Сарполе Заһаб шаһрестанына келді

Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани бүгін сейсенбі күні Иранның батысындағы Керманшаһ облысына жасаған сапарында Сарполе Заһаб шаһрестанына келіп, зілзалаға ұшыраған аймақты көріп, сол жердің халқымен кездесіп, сөйлесті.

ИИР-ның президенті Хасан Рухани осы сапарында жауапты тұлғалардың берген мәліметтері бойынша апаттың келтірген нұқсандары мен зиянының жай-жапсарынан, сонымен қатар Сарполе Заһаб шаһрестанындағы апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсету үдерісінен хабардар болды.

Рухани зардап шеккен адамдардың әңгімелерін естіп, олардың көмек жеткізу тәсілдеріне қатысты ой-пікірін естіп, қажеттіліктері мен қиындықтарын сұрап, кемшіндіктердің орнын толтырып, халықтың қиындықтарын шешу үшін басшыларға тиісті нұсқаулар берді.

Керманшаһ облысына келген Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы дивизия генералы Мохаммад Али Джафари да Иранның ерікті халықтық күштері мен Сақшылар корпусының жауапкершілігіне тапсырылған ауылдық аймақтарда үй салу амалдарының жылдам басталатынын айтты.

Қарашаның он екісі күні Иранның батысының әртүрлі аймақтары мен Ирактың шығыс аймақтарында Рихтер бағамы бойынша 7,3 балдық жер сілкінісі болды. Осы уақытқа дейін табиғи апат салдарынан 430 адамның жан тапсырып,  жеті мыңнан астам адамның жараланғаны жарияланды.

 

 

Nov 14, 2017 20:52 Asia/Almaty
Сараптама