• Ислам революциясының жетекшісі басшылардың жерсілкінісінен зардап шеккендерге көмектесуді жалғастыруы қажеттігін қуаттады

Ислам революциясының жетекшісі Иранның үштік билігі басшыларының қатысуымен өткен отырыста басшылардың жерсілкінісінен зардап шеккендерге жанашырлықтарының іс жүзінде болып, халықтың қиындықтарын азайту үшін көмек көрсетуді арттыру қажеттігін қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи кеше кешке Иранның үштік билігі басшылары мен басқа бірнеше жауапты қайраткердің қатысуымен өткен отырыста Керманшаһта орын алған ащы апатқа өкініш білдіріп, бұл қайғылы оқиғаны илаһи сынақ және басшылардың міндетін орындайтын майдан деп атады: "Бұл оқиға баршаны ынтымақтастық жасауға жігерлендіреді. Махаббат пен бауырластықтың арқасында Керманшаһ пен Иранның бүкіл халқының илаһи берекеге ие болатындығына үміттенеміз. Керманшаһ облысының батыл халқы мен шекарашыларының қайғысына ортақпыз. Жақындардан айырылу өте қиын, бірақ Алла Тағала қаза болғандардың отбасыларының жүректеріне сабыр беріп, олардың жанарларын өзінің мейірімі және рақымымен үміттендіреді",- деді.

 

 

Nov 15, 2017 15:55 Asia/Almaty
Сараптама