• Рухани: Шетелдік мемлекеттердің аймақ үшін ешқандай пайдасы болған жоқ

ИИР-ның президенті шетелдік мемлекеттердің аймақта орналасуының аймақ халықтары үшін пайдасы болмағанын айтып: «Шетелдік мемлекеттердің аймақтағы құзырының салдары қару саудасының өркендеуі мен алауыздық тудырып, мұнай бағасымен ойнау болды» деді.

ИИР-ның президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет мүшелерінің отырысында америкалық басшылар аймаққа келген кезде олардан кейін іле-шала аймақтың бір жерінде  соғыс оты тұтанып, түйткілдердің пайда болатынын айтып: «Шетелдік мемлекеттердің араласуымен Ирак пен Ауғанстанда, Сирия мен Йеменде үлкен соғыстар орын алды. Йеменнің қорғансыз халқының ауру, кедейшілік пен үздіксіз бомбалау салдарынан туындаған қиындықтармен арпалысып жатқанына көп жыл болды. Бір елдің Йеменнің күнәсіз халқына осыншама қысым жасап, қылмыстарын жалғастыруының  себебі неде? Осы қылмыстардың алдында БҰҰ үнсіздік танытып, қатаң әрі тиісті ешбір шара қолданбай отыр. Батыс елдері де мұндай қылмыстарды қолдауда. Бір елдің аймақта сионистік режимнен Ливан халқын бомбалауды жалынып сұрауы өте ұят нәрсе» деді. 

 

Nov 15, 2017 20:44 Asia/Almaty
Сараптама