• Машһадта имам Резаның (ғ.с.) шәһид болуының жылдығына арналған құтпа оқылды

Әлем шиіттерінің сегізінші имамы хазірет Али бин Мұса ар-Резаның (ғ.с) шәһид болуының жылдығына орай құтпа оқу рәсімі сенбі күні кешке Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Машһад қаласындағы имам Резаның кесенесінде өткізілді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, қолдарына шам ұстаған имам Резаның (ғ.с) қасиетті кесенесінің қызметшілері кесененің Ислам революциясы алаңының айналасына жиналып, мадақшының хазірет имам Резаның (ғ.с) шәһид болуының жылдығына орай оқыған кешкі құтпасын тыңдады.
Имам Резаның (ғ.с) шәһид болуының жылдығына орай өткізілген кешкі құтпа оқу рәсімінен кейін имам Резаның кесенесі орналасқан кешеннің басқарушысы ходжат ул-ислам уәл-муслемин Сейед Ибраһим Раиси имам Резаның шәһид болуының жылдығына байланысты көңіл айтып, велаятты қабылдауды қазіргі әлемдегі адамзат баласын құтқару жолы деп атады: "Ашура мен мухаррам және сафар айларының әкелген берекесінің, ИИР-дың негізін қалаушы имам Хомейнидің халықты ояту жолындағы әрекеттері мен шәһидтердің төккен қанының арқасында Иранның ұлы халқы сегізінші имамның бұйрықтарына бойсұнудың жолын тапты. Осы жолда басқа халықтар да ирандықтардан үлгі алды",- деді.
Исламдық Иранның халқы имам Резаның (ғ.с) шәһид болуының жылдығында күні-түні хосейниелерде, мешіттер мен хазіреттің Машһад қаласындағы кесенесі мен хазірет Масуменің (ғ.с) Құм қаласындағы кесенесінде жиналып, аза рәсімдерін өткізеді.

 

Nov 19, 2017 17:54 Asia/Almaty
Сараптама