• Зариф: Сауд Арабиясының Иранды тұрақсыздық тудырушы деп айыптауы ұят

Иран Сыртқы істер министрі өзі лаңкестерді арандатып, Йемен соғысын бастаған Сауд Арабиясының Иранды тұрақсыздық тудырушы деп айыптауын ұят іс деп атады.

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні кешке Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Сауд Арабиясы королінің өзі лаңкестерді арандатып, Йеменде соғыс бастап, Катарды оқшаулап, Ливанда дағдарыс тудырған жағдайда Иранды тұрақсыздық тудырушы ел деп айыптауы ұят іс",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ Түркия мен Ресей СІМ-мен Анталияда өткен үшжақты отырыс жайлы: "Иран Сирияда қол жеткізген атысты тоқтату бітімін кеңейту мақсатында Түркия және Ресеймен әріптестік жасайды. Иран мен Түркия және Ресей сириялық тараптармен жан-жақты сұхбаттасу үшін әріптестік жасайды",- деп жазды.

Сириядағы атысты тоқтату бітіміне кепіл үш ел Иран мен Ресей және Түркия СІМ-нің Сирия дағдарысына байланысты кеңестері жексенбі күні Түркияның оңтүстігіндегі Анталия қаласында өтті.

 

Nov 20, 2017 15:55 Asia/Almaty
Сараптама