• Рухани: Сирияның келешегі халқының қолында

ИИР Президенті Сирияның келешегін өз халқының ықтиярында деп атап: "Ирак пен Сириядағы лаңкестіктің негіздері құлдырады. Иранның аймақтағы лаңкестік топтарға қарсы күресі оларды тамырымен құртқанға дейін жалғасады",- деді.

Иран Президенті Хасан Рухани бүгін, сәрсенбі күні таңертең Иран, Ресей және Түркия президенттерінің үшжақты отырысына қатысу үшін Ресейдің Сочи қаласына аттанар алдында ИИР-ның АҚШ пен сионистерге керісінше аймақта бейберекет тудыруды мақсат етпейтінін мәлімдеп: "Иран халқы мен үкіметі аймақтың жақсылығы мен тұрақтылығын қалайды, біреуге қарсы тұруды емес, аймақ елдерімен ымыраға келуді көздейді. Иран аймақтағы тұрақсыздықтар мен лаңкестік топтардың құрылуының басынан бөгде мемлекеттердің, әсіресе АҚШ пен сионистердің басқа елдердің істеріне араласуы мен географиялық шекараларын өзгерту үшін қажет лаңкестіктің сәтсіздікке ұшырайтындығына сенді",- деді.

Рухани АҚШ пен сионистік режимнің Таяу Шығыс аймағындағы жобаларына сілтеме жасап: "Америкалықтар басынан бастап  аймақта  "Үлкен Таяу Шығыс" құру жобасын іске асырмақ болды. Сионистік режим бұл жобаны әрқашан қолдады",- деді.

Рухани Иран, Ресей және Түркияның Астана отырысының Сирия дағдарысын шешу  шешіміне тоқталып: "Осы жетістіктердің жалғасында бүгін Сочиде Иран, Ресей және Түркия президенттерінің маңызды отырысы өтеді",- деді.

 

 

Nov 22, 2017 14:56 Asia/Almaty
Сараптама