• Революция жетекшісі: Революцияшыл жастардың үстемшілдікпен күрес майданындағы жалынды құзыры – Ислам революциясының мұғжизасы

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні таңертең Иранның жер-жерінен келген мыңдаған ерікті күштерді қабылдауында жастардың әртүрлі салаларда, әсіресе үстемшілдікпен күрес майданындағы жалынды құзырын ислам революциясы мұғжизаларының бірі деп атады.

Революция жетекшісі бұл құзырды Ислам революциясы мен Қасиетті қорғаныс кезеңдерімен байланыстырып: "Дұшпан аймақтағы революцияшыл және исламдық идеядан туындаған қарсыласудың көзін жою үшін жан-жақтан өзінің дұшпандығын күшейтті. Бірақ, мүмін әрі табанды жастар мен ерлеріміз тәкфіршіл ДАИШ атты қатерлі ісіктің көзін құртып, дұшпандарды тізе бүктіріп, баршаға "Қолымыздан келеді!" деген ұғымды тағы бір рет дәлелдеді",- деп баса айтты.

Революция жетекшісінің бұл сөздері Ислам республикасы жүйесінің болмысында жатқан ислам революциясының серпінді әрі сергіткіш идеяларын көрсетті әрі Иран Респуликасы жүйесінің шынайы болмысының көрінісі саналады.

Қазіргі заманғы революциялар жайындағы кең тараған теорияларға сәйкес, революцияның элементтері әртүрлі әлеуметтік топтардың арасында көбінесе ұрпақ пен буындардың жаңаруымен солғын тартып немесе өзгеріп, тіпті жойылып жатады. Осылайша, олар өз орнын келесі ұрпақтың өсіп-жетілуімен пайда болатын жаңа идеяларға береді. Бірақ бұл теория Ислам революциясына қатысты қолданылмайды.

Иран халқы қырық жылға жуық мерзімде әртүрлі қысымдар, түрлі үстемшіл қастандықтар, сионизм мен аймақтағы кертартпашылыққа қарамастан, революцияның құндылықтарын сақтап қалу үшін күресіп, табандылық көрсетті.

Соңғы жылдары аймақта тынышсыздық тудыруды және Ислам революциясын тізгіндеу мен исламдық ояну қозғалысын бұрмалауды мақсат еткен ДАИШ атты қауіп шеңберінде орын алған оқиғалар легі осы шындықты растайтын ең айқын дәлел саналады. Ислам революциясының жетекшісі еріктілік рух пен сезімді Иран халқының жеңістерінің тарихына тағы бір алтын бетті қосқан ДАИШ атты қатерлі ісіктің көзін жоюда әсер еткен шынайы фактор деп атап: "Дұшпандар осы адамгершіліктен жұрдай тәкфіршіл топты пайдаланып, қарсыласу қозғалысына қарсы апат жасауға талпыныс жасады. Алайда мүмін, құлшынысы мен ынтасы тасып тұрған жастар күрес майданына келіп, дұшпанды тізе бүктірді",- деді.

Аймақта өз қауіпсіздігін бөгделерге тәуелді деп ойлайтын кейбір кертартпа елдер арасында осындай жалған идеяның болуына қарамастан, мұндай үлгі тұтарлық әрекет тероризммен шынайы күрес жолының Батыс елдерінің миллиардтаған долларға қару-жарақ сатып алуы немесе аймақта жалған коалиция құру еместігін көрсетті. Революция жетекшісі осы сөздерінде айтып өткендей, кейбір көршілес елдерде ДАИШ-тың көзін жоюға деген сенім болмады. Бірақ олар майданға келіп, жеңіске көздері жеткенде, Ислам революциясының "Қолымыздан келеді!" деген жолдауына сенді.

 

Nov 23, 2017 17:03 Asia/Almaty
Сараптама