• Үстемшілдікпен күресу үшін Иран құзырын қажет ететін кез келген жерде көмек көрсетуге әзір

Ислам революциясының жетекшісі: "ИИР үстемшіл әлем және сионизмнің мұсылмандардың арасында алауыздық пен соғыс тудыру мақсатындағы қастандықтарына қарсы тұрып, Жаратушының көмегімен осы күресте жеңіске жетеді" деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күні таңертең "Пайғамбар әулетінің (ғ.с.) жақтастары және тәкфіршілдер мәселесі" атты конференция қонақтарын қабылдауында: "ДАИШ Ирак пен Сирияда жеңіліс тапқанымен, дұшпандардың айла-шарғыларынан бейхабар болмауымыз керек. Себебі, АҚШ пен сионизм және олардың жақтаушылары Исламмен жауласуын тоқтатпайды. ДАИШ пен сол сияқты қастықтарын басқа аймақтарда да іске асыруы мүмкін" деп ескертті.

Хазірет 40 жыл бойы жалғасып келет жатқан  АҚШ пен сионизмнің исламдық жүйеге қарсы қастықтарына, қысымдары мен санкцияларына тоқталып: "Осы қысымдарға қарамастан, Ислам Республикасы күпіршілік және үстемшілікпен күресте Иранның құзырын қажет ететін кез келген жерде көмек көрсетуге әзірлігін және осы ұстанымды білдіруде ешкімге қарамайтынын ашық түрде мәлімдейді" деді.

Хазірет аятолла Хаменеи Палестина мәселесін Ислам әлемінің ең басты қиыншылығы деп атап: "Исламның дұшпандарын жеңудің басты құралы – Палестина мәселесі. Себебі, үстемшілдер, кәпірлер мен сионистер шебі Палестина исламдық мемлекетін басып алып, оны аймақтық елдердің қауіпсіздігін бұзу ошағын айналдырды. Израильмен күресу керек" деді.

Ислам революциясының жетекшісі дұшпандардың мұсылмандар арасында алауыздық тудырудағы басты мақсатын сионистік режим үшін қауіпсіз бұрыш құру деп атап: "Үстемшілдерге қарсы жойқын соққы жасалатын болады. Біз сол күнге жету үшін бар күшімізді саламыз" деді.

 

Nov 23, 2017 22:59 Asia/Almaty
Сараптама