• Рухани: Қару арқылы немесе сионистік режим мен АҚШ-тың қолдауымен аймақта тыныштық орнамайды

ИИР Президенті кейбір елдердің аймақ халықтарының ішкі ісіне араласушылығының қиындық тудыратынын айтып: "Өкінішке орай, аймақтағы кейбір елдер жүзеге асырып жатқан авантюристік әрекеттердің артында сионистер мен америкалықтардың тұрғанын дәлелдейтін айғақтар мен куәлер бар",-деді.

ИИР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани сенбі күні кешке Иранның атқарушы, заң шығарушы және сот органдары басшыларының жиналысының соңында сөйлеген сөзінде ИИР-ның аймақ елдерінің өз қиындықтарын өзара шешуі қажеттігін қуаттап келе жатқанын айтып: "Қару арқылы немесе сионистік режим мен АҚШ-тың қолдауымен аймақта тыныштық орнайды деп ойлау - жаңсақтық. ИИР әрдайым әріптестік жасау, келіссөз өткізу және мәселелерді диалог арқылы шешуді басты бағдар санап, соны жақтайды",-деді.

Рухани, сондай-ақ, Иран, Ресей, Түркия басшыларының жуырда Ресейде өткізген отырысын сәтті деп бағалап: "Бұл үш ел Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу үшін жақсы талпыныс жасады",-деді.

 

Nov 26, 2017 17:11 Asia/Almaty
Сараптама