Иран мен әлемнің 16 елінің 48 компаниясының қатысуымен Теһранның оңтүстігіндегі "Шаһре афтаб" деп аталатын мекенде "Теһран-Ходру" халықаралық екінші көрме ашылды.

ИРНА-ның жексенбі күнгі мәліметі бойынша көрмеге Германия, Франция, Қытай, Үндістан, Австрия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Ұлыбритания, Испания, Италия, Тайвань елдерінің көлік өндіретін компаниялары ирандық копаниялармен бірге  өз өнімдерін ұсынуда.

Көрмеде ирандық "Сайпа" компаниясының екі жаңа көлігінің тұсаукесер рәсімі өтті. Көрменің жұмысы желтоқсанның біріне дейін жалғасады.

 

 

 

Nov 26, 2017 23:01 Asia/Almaty
Сараптама