• Аятолла Араки шейх әл-Азхарды Халықаралық

Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы Ахмад ат-Тейб шейх әл-Азхарды ресми түрде "Исламдық бірлік" атты 31-ші халықаралық конференциясына қатысуға шақырды.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, аятолла Мохсен Араки жексенбі күні Теһрандағы Мысырдың мүдделерін сақтау кеңсесінің төрағасы Ясир Османмен кездесуінде жүздеген мысырлық намазханның қаза болуына соқтырған жуырда Мысырда болған лаңкестік шабуылды айыптап, Ислам әлемінің лаңкестік идея және қылмыспен күресу үшін бірігуі керектігін баса айтты.

Аятолла Мохсен Араки кездесуде шейх әл-Азхардың "Исламдық бірлік" 31-ші конференциясына шақыру билетін Ясер Османға табыс етіп, Ахмад ат-Тейбтің конференцияға қатысуын Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясы мен Мысырдың ортақ жобалары көрініс табуы үшін өте маңызды деп бағалады.

"Исламдық бірлік" 31-ші халықаралық конференциясы желтоқсанның 4-6 күндері Теһранда өтеді.

 

 

Nov 27, 2017 20:37 Asia/Almaty
Сараптама