• Ислам революциясының жетекшісі: Қарулы күштерді нығайту елдің қорғанысын арттырады

Иранның бүкіл қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеи дұшпандардың мұсылман халықтар мен исламдық жүйелерге қарсы қастықтарының жалғасуына тоқталып, оларға қарсы тұру үшін қарулы күштерді күшейту қажеттігін қуаттады.

Аятолла Хаменеи жексенбі күні қарулы күштердің қолбасшылары және Малек Аштар фестивалінің жеңімпаздарымен кездесуінде: «Дұшпанға қарсы халықтың қорғанысын арттыру үшін Иранның қарулы күштері идеология, амал мен жігер тұрғыларынан ең жақсы адами күшті қажет етеді»,- деп баса айтты. 

Ислам революциясының жетекшісі Малек Аштар фестивалін өткізіп, Иран қарулы күштерінің адами күштер саласын алға ілгерілету талпынысына ризалығын білдіріп: «Бұл салада тоқтамай, серпінді түрде ілгерілеу қажет, сондықтан жауапкершілік мен міндетке ие әр бөлім үзбей жұмыс жасауы қажет»,- деді.

Иранның бүкіл қарулы күштері Бас қолбасшысы фестивальді хазірет Әли (ғ.с.)-ның қолбасшыларынің әрі серіктерінің бірі Малек Аштардың атымен атауды маңызды деп атап: «Малек Аштар – қырағылық пен тура жолды танушы, жауапты, жанкештілікке дайын, батыл және мықты басшы, сондай-ақ, руханият пен ғибадат, тақуалық пен қарапайымдылық сынды сипатттардың үлгісі.

Осыған орай Иран қарулы күштерінің қолбасшылары басқалардан көбірек өздерінің болмысынан аталған сипаттарды тәрбиелеуі керек»,- деді. 

Иранның Бүкіл қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеидің сөзінен бұрын Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы генерал-майор Мұхаммад Бақери қарсыласу күштерін стратегиялық жеңістерімен құттықтап: «Малек Аштар атындағы сегізінші орталық фестивалінде қарулы күштердің табысты 52 қолбасшысы марапатталды»,- деп хабарлады.

 

 

Dec 03, 2017 23:07 Asia/Almaty
Сараптама