• Салехи: Хазірет Мұхаммад Мұстафа (с.ғ.с.) атындағы сыйлық ислам әлемі ғұламаларының бірігуіне себеп болады

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы ынтымақтастық пен бірлікті хазірет Мұхаммад Мұстафа (с.ғ.с.) атындағы екінші сыйлықты тапсыру рәсімнің ең маңызды нәтижелерінің бірі деп атады.

Хазірет Мұхаммад Мұстафа (с.ғ.с.) атындағы сыйлық екі жылда бір рет ислам әлемінің ғылыми саладағы үздік тұлғаларына беріледі. Сыйлықты ИИР-ның Мәдени революциясының жоғары кеңесі 2012 жылы бекіткен болатын.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи жексенбі күні Теһранда  хазірет Мұхаммад Мұстафа (с.ғ.с.) атындағы сыйлықты тапсыру рәсімінде ислам елдерінің ғылыми ынтымақтастығының маңыздылығы туралы: «Егер ислам әлемінің ғалымдары мен ойшылдары біріксе, ислам әлемінде ғылым мен технология саласы дамиды. Бұл сыйлық ислам әлемінің ғұламаларын анықтап, олардың бір-бірімен танысуы мен ынтымақтастығына жол ашады»,- деді.

 

 

Dec 04, 2017 08:32 Asia/Almaty
Сараптама