• Рухани: Чабаһар порты тауарларды Иранмен көршілес елдерге тиімді бағамен жеткізеді

Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар портындағы Шәһид Беһешти атындағы айлақты дамыту жобасының бірінші кезеңі Иран Президенті Хасан Рухани және әлемнің 17 мемлекетінің өкілдерінің қатысуымен іске қосылды.

Бүгін, жексенбі күні Чабаһар портындағы Шәһид Беһешти атындағы айлақты дамыту жобасының бірінші кезеңін іске қосу рәсімінде Хасан Рухани «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін аймақ пен әлем үшін өте маңызды деп атап: «Сауда  тұрғысынан маңызды халықаралық Чабаһар порты ерекше жағдайымен «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін қысқартып, мұхитқа қоса алады. Иранға көршілес елдер, соның ішінде Ауғанстан мен елдің солтүстігіндегі Орталық Азия елдері «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі арқылы Иранның оңтүстігі мен халықаралық сулар мен мұхитқа шығатын болады. Бұл мәселе келешекте Иранның шығысы мен солтүстігіндегі, тіпті еуропалық мемлекеттермен қарым-қатынастарын дамытуға себеп болады. Чабаһар портындағы Шәһид Беһешти атындағы айлақты дамыту жобасының бірінші кезеңінің іске қосылуымен бұл порттың тауарды түсіру-тиеу жұмыстарының мөлшері жыл сайынғы екі жарым миллион тоннадан сегіз жарым миллион тоннаға артады»,- деді.

 

 

Dec 04, 2017 08:59 Asia/Almaty
Сараптама