• Рухани: Аймақтағы лаңкестіктің негізгі тіректері жойылды

ИИР Президенті бүгінде аймақтағы лаңкестіктің негізгі тіректерінің жойылғанын айтып: "Әлемдік алпауыттар, үстемшілдер мен сионистер аймақ халықтарына қарсы жоспарлаған ең үлкен қастандықтың басым бөлігі құрдымға кетті",-деп қуаттады.

ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда "Исламдық бірлік" атты 31-ші халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Ислам пайғамбары хазірет Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с) мәуліті мен әлем шиіттерінің алтыншы имамы хазірет Джафар Садықтың (ғ.) туған күнімен және "Исламдық бірлік" апталығымен құттықтап: "Лаңкестікпен күрес аймақта лаңкестік топтардың барлық мүшелері мен жақтастары жойылғанға дейін жалғаса береді",-деді.

ИИР Президенті аймақтағы кейбір елдердің сионистік режиммен достасып, қарсыласу қозғалысымен жауласқандарын ашық түрде жариялағанына тоқталып: "Таңдаулылар, үлемдер мен жастар қарсыласу қозғалысымен жауластық деген сұрқия жоспардың орындалуына жол бермейді",-деді.

ИИР Президенті бірліктің жаңа исламдық өркениетке апаратын жалғыз жол екенін айтып: "Палестинаны азат ету үшін табандылық таныту – Алла жолындағы табандылықтың бір мысалы. Ислам халықтары отаршылдарға қарсы тұрып, өздерінің тәуелсіздігін алғандай, бір-бірінің жанынан табылып,  басқыншылық пен лаңкестікке де қарсы шыға алады. Бірліктің нағыз мағынасы осы ",-деп қуаттады.

Dec 06, 2017 07:26 Asia/Almaty
Сараптама