• Джахангири: 16 азар – университет өмірі басталып, студенттік болмыс қалыптасқан күн

Иран вице-президенті х.ш.ж.с.б. 1332 жыл азар айының он алтысын (1953 жылдың желтоқсан айының алтысы), университет өмір басталып, студенттік болмыс қалыптасқан күн деп атады.

Исхақ Джахангири Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Университет пен студенттің тәуелсіздік пен азаттық үшін мақтаныш болып табылатындығына 64 жыл болды",- деп жазды.

Шамси жыл санағы бойынша азар айының он алтысы (2017 жыл желтоқсанның жетісі) ИИР-да Студент күні ретінде аталып өтіледі.

Х.ш.ж.с.б. 1332 жылы азардың он алтысы күні (1953 жылдың желтоқсан айының алтысы) Иран студенттері АҚШ-тың сол кездегі президентінің орынбасары Ричард Никсон Иранға сапармен келген кезде Вашингтонның Иранның ішкі істеріне араласушылықтарына қарсылық білдіріп, Теһран университетінің алдында шеруге шыққан болатын.

Шеру Пехлеви әулеті режимі әскерінің шабуылы барысында қантөгіспен басып-жанышталды. Пехлеви режимі әскерилерінің шерушілерге жасаған шабуылы салдарынан үш ирандық студент шәһид болып, жүздеген адам жарақат алды.

 

 

Dec 07, 2017 21:56 Asia/Almaty
Сараптама