• Иран халқы Трамптың Құдсқа қатысты шешімін айыптап, шеруге шықты

Исламдық Иранның халқы жұма намазынан кейін Иранның әртүрлі қалаларының көшелеріне шығып, жаппай шеру ұйымдастыру арқылы АҚШ президенті Дональд Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде таныстыру туралы шешімін қатаң айыптады.

Исламдық Иранның халқы қолдарына Палестинаға қолдау көрсету және Құдсты басып алушы режимге қарсы қарсыласу қажеттігін қуаттау мазмұнында жазылған плакаттар ұстап, "Америкаға өлім!" және "Израильге өлім!" атты ұрандар айтып, осы режимнің туын өртеді.

АҚШ президенті сәрсенбі күні аймақтық және халықаралық қарсылықтарға қарамастан: "АҚШ Құдсты Израильдің астанасы ретінде мойындайды",- деп мәлімдеді.

ИИР Трамптың бұл әрекетін айыптаған алғашқы елдердің бірі болды. ИИР СІМ сәрсенбі күні кешке мәлімдеме жариялап: "АҚШ президентінің Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындау әрекеті халықаралық қарарларды әшкере түрде бұзу саналады",- деді.

 

 

Dec 09, 2017 15:34 Asia/Almaty
Сараптама