• Амир Хатами: Иран Ресейге қатысты  стратегиялық көзқарасқа ие

Иран Ислам республикасының Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі: «Иранның Ресейге қатысты көзқарасы стратегиялық. Бұл көзқарас бүкіл саланы қамтиды» - деді.

Амир Хатами Иран мен Ресей қарым-қатынасының келешегі және әскери байланысты кеңейту жолындағы екі елдің ықпалдастығы туралы: «Ресейге қатысты Иранның стратегиялық көзқарасы әскери аспектімен қатар экономикалық және саяси аспектілерді де қамтиды. Екі ел арасында стратегиялық байланыс болған жағдайда олардың алдында айқын перспектива да болады» - деп баса айтты.

Амир Хатами аймақтық деңгейде, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша Иран мен Ресей байланысының нығаюына қатысты АҚШ-тың алаңдаушылығы туралы: «Иран мен Ресей әскери және қорғаныс саласында жақсы әріптестік жасады. Онда екі елдің мүдделері назарға алынды» - деді.

 

Dec 09, 2017 20:30 Asia/Almaty
Сараптама